"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!

10.01.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын  мекемесінің басшы, Ақмола облысы,  Ақкөл  ауданы, Ақкөл қаласы, Нурмагамбетов көшесі, 104  . Лауазымына, қызметтік  жалақысы  еңбектегі өтіліне  қарай   158 875 теңгеден   192 638  теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Функционалдық міндеттері: Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын оның жарғысына сәйкес басқарады. Білім беру ұйымының Кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, оқу жұмыс бағдарламаларын, оқу жоспарларын, ішкі тәртіп ережесін, курстарды, оқу кестелерінің жылдық күнтізбесін, дайындауды және бекітуді ұйымдастырады. Басқару құрылымын анықтайды, ұйым қызметіне байланысты қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді және ұйым қызметінің барлық түрлеріне бақылау жасайды. Оқушылар санын сақтайды және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқушылардың, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің тамақтануы мен медициналық қызмет үшін қажетті жағдайлар жасайды және бақылауға алады; бюджеттен бөлінген қаржы және басқа қаржы көздерін тиімді қолдануды басқарады.

      Оқу-материалдық базаны толтыруды, оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Педагог кадрлармен қосымша қызметкерлерді қарастыруды және іріктеуді жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін біліктілік талаптарына сәйкес, олардың кәсіптік шеберлігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Әкімшілік және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шартты орындауды қамтамасыз етеді.

      Қоғаммен, байланысты жүзеге асырады. Білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік, ұйымдарға таныстырады, қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика және психология негіздерін.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын,"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Ақкөл ауданы білім беру бөлімінің конкурстық комиссиясында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін  келесі  құжаттар қажет:  

 1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

 2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

 3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

 6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

 7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

 8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

  9)    соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

  10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

  11) мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

      Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

      1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

      2) мектептің қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

      3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды,  Нұр-Сұлтанды  қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

      4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурсқа қажетті  құжаттар  бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық басылымдарда конкурс туралы хабарландыру     жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні  ішінде мына мекенжайға жіберілуі тиіс:

 020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нурмагамбетов қөшесі, 102 «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам  (Халыққа қызмет көрсету орталығы). Анықтама телефондары :  2-28-44. 

 

 

Ақкөл  аудандық

білім беру бөлімінің басшысы                                                                    К.Ашимов

 

  • vnimanie_konkurs__1_27190016.jpg
  • vnimanie_konkurs__1_27190016.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 10.01.2022 10:38
Құрылған күні: 10.01.2022 10:38

Текст