«Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы аясында 2020 жылдың 27 қаңтарынан 27 ақпан аралығында Ақкөл ауданы ведомствоаралық сараптама тобымен (бұдан әрі – ВСТ) 27 білім беру ұйымында тамақтандыруды ұйымдастыру, оның ішінде объектілерді аралап көру бойынша алдын ала бақылау өткізілді.
Жұмыс барысында мектепте тамақтандыру рационының бірыңғай стандарт пен санитарлық талаптарға сәйкестігіне талдау жасалды, мектептің бракераждық комиссия жұмысы және есеп құжаттамалары мониторингі, мектеп әкімшілігінің тамақтандыруды ұйымдастыруы, салауатты өмір салтын насихаттау және дұрыс тамақтану бойынша іс-шаралар тексерілді. Сонымен бірге бағалау критерийлеріне сәйкес басқа да міндетті талаптар бойынша талдау жүргізілді.
Ведомствоаралық сараптама тобымен «Ата-аналардың шағымдар мен ұсыныстар кітапшасы» бойынша шағымдар және қабылданған шаралар мониторингі өткізілді.
«Мектеп асханасы» іс-шарасы аясында:
-БАҚ арқылы тұрғындарға кең көлемде ақпарат (ата-аналар, «НұрОтан» партиясы, БАҚ, мемлекеттік органдар және т.б.) берумен сараптама тобы қызметіне жұртшылықты тарту арқылы ВСТ қызметін жандандыру;
- тамақтану сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізу;
Сараптама тобының құрамы:
Адежанова Рената Галымовна – «Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ қамқоршылық және қорғаншылық бойынша бас маманы;
Маринина Марина Вячеславовна – «НұрОтан» партиясының Ақкөл аудандық филиалы ТФП кеңесшісі;
Балховитина Лариса Викторовна – «П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі» ММ ата-аналар комитетінің мүшесі, терапевт-дәрігер;
Пак Елена Вячеславовна – «№2 Ақкөл орта мектебі» ММ ата-аналар комитетінің мүшесі;
Искакова Алма Айткеновна - «Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі» КММ ата-аналар комитетінің мүшесі;
Альберт Елена Владимировна - «№4 Ақкөл орта мектебі» ММ ата-аналар комитетінің мүшесі;
Мацевич Светлана Александровна - «Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ бухгалтері;
Жұмаділова Табедиля Рахимовна – «Ақкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігері;
Шайтекей Нұржан – «Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ әдіскері;
Ахметова Катима Амантаевна - «Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ әдіскері;
ВСТ қызметінің қорытындысы бойынша Ақкөл аудандық білім беру мекемелеріне ұсынымдар берілген.