"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде Қамқоршылық кеңестің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыру

20.12.2021

 «Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес Ақкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды, атап айтқанда:

«Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының № 1 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының № 2 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының № 3 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжай-бақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 «Когут В.В.» ЖК

Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі.

Ұсыныстар «Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде ұсынылады.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Ұсыныстар электрондық түрде мемлекеттік органның электрондық поштасының мекенжайына берілген кезде олардың түпнұсқалары ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Байланыс деректері: «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы Ақкөл қаласы, Бигелдинов көшесі, 10, Электрондық пошта мекен-жайы akkoloo@aqmoedu.kz , байланыс телефоны 8 (71638) 55250

  • i-100x100.jpg
  • i-100x100.jpg
  • 8da27e316c-1024x576-1 (1).jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.12.2021 12:55
Құрылған күні: 20.12.2021 12:55

Текст