Баланы балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін кезекке қою үшін:
1. Жүйенің негізгі парақшасына кіріп, «Мектеп жасына дейінгі балаларды БМҰ-ға кезекке қою» қызметін таңдау қажет.
2. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз (Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына қатысты емес).
3. Ары қарай кілттерді сақтау орны тізімінен кілтті таңдап, ЭЦҚ (AUTH_RSA кілті) көмегімен жеке кабинетке кіріп, «Сертификатты таңдау» батырмасын басу қажет.
4. Ары қарай ЭЦҚ кілтін (AUTH_RSA кілті) жүктеп, құпиясөзді енгізіп, «ОК» батырмасын басу қажет
5. Құпиясөз дұрыс енгізілген жағдайда, ЭЦҚ иесінің деректері пайда болады. Осы қадамда «Кіру» батырмасын басу қажет
6. Ары қарай авторизациядан өткеннен кейін негізгі мәзірде «Баланы кезекке қою» тарауын таңдау қажет
7. Одан кейін қызметтің сипаттамасы және толық нұсқаулық көрсетілген парақша ашылады. Өтінішті берудің алдында Сізге нұсқаулықпен танысуды «Өтінімді беру» батырмасын басу арқылы растау қажет
8. Ары қарай өтініштің нысаны ашылады. Нысанда өтініш беруші туралы деректер ЖТ МДБ-дан алынған мәліметтер автоматты түрде толтырылады. Бірінші қадамда электрондық поштаны, телефон нөмірін толтырып, келесі қадамға өту үшін «Ары қарай» батырмасын басу қажет
9. Келесі қадамға бала туралы ақпаратты енгізу (баланың ЖСН көрсету қажет) жатады. Жеңілдіктер болған жағдайда, «Жеңілдік берілген тұлға» жолағына белгі қойып, тізімнен жеңілдіктер категориясын таңдап, растаушы құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса жүктеу қажет
10. Ары қарай өтініш нысанын толтырғаннан кейін «Жіберу» батырмасын басып, ЭЦҚ (RSA) көмегімен өтінішті жіберу қажет.
11. ЭЦҚ-ны жүктегеннен кейін кілттер қоймасының құпиясөзін енгізіп, «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басу қажет.
12. Таңдалынған кілттің деректері пайда болады. Соңғы қадамда «Қол қою» батырмасын басу қажет
13. Өтініш сәтті тіркелгеннен кейін өтінішті тіркеу туралы хабарлама мен құжатты жүктеуге арналған сілтеме көрсетіледі. Хабарлама көрсетілген терезені жабу үшін «ОК» батырмасын басу қажет
14. Берілген өтініштер журналын қарап шығу үшін негізгі парақшадағы «Өтініштер журналы» батырмасын басу қажет
15. Өтінішті ашу үшін өтініш жолағына басу қажет
16. Өтініш бойынша ақпарат көрсетіледі: − «Өтініш туралы ақпарат» қойындысында өтініш беруші туралы ақпарат, бала туралы деректер мен өтініш туралы ақпарат көрсетіледі; − «Өзгерістер тарихы» қойындысында өтініш бойынша толық ақпарат көрсетіледі; − «Жалпы құжаттар» қойындысында өтініш беруші қоса жүктеген құжаттар («Өтінішке қосымшалар» тарауында) және жүйе автоматты түрде қалыптастырған құжаттар («Жалпы құжаттар» тарауында) көрсетіледі.
17. Құжатты қарап шығу немесе жүктеу үшін «Жүктеу» батырмасын басу қажет