«Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, «Жайық Бекұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қамқоршылық кеңесі құрамын құру бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес құрамын құру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі.
Ұсыныстар белгілі тәртіпте, «Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарландыруда көрсетілгендей, пошта немесе электронды поштаға электронды түрде беріледі.
Ұсыныстар қабылдау мерзімі: ұсыныстар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен он жұмыс күні бойы ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның электронды поштасына электронды түрде ұсыныс бергенде, оның түпнұсқасы ұсыныстар қабылдау мерзімі аяқталуына 1 жұмыс күнінен кеш қалмай берілуі тиіс.
Байланыс деректері: «Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Ақкөл қ., Бегелдинов көшесі, 10., электронды пошта мекенжайы: akkoloo@aqmoedu.gov.kz , анықтамалар телефоны: 8 (71638) 21382.