"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолдау туралы ой-пікір

21.09.2020

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жолдады.

Президент Жолдауы жыл сайын бірегей сипатта болады, сондықтан   заманауи Қазақстанды жүйелі жаңғыртудың кешенді шаралары мен нақты бағдарламасы бар, себебі онда Ел Басы дәстүрлі түрде біздің қоғамымыздың даму векторын белгілейді.

Қазақстан халқына ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауы – республиканың кез келген тұрғыны үшін маңызды оқиға. Әркім бұдан бастысы  өзі үшін  бағытты табады. Бұл нақты тәжірибелік істердің бағдарламасы,  сөзсіз, барлық қазақстандықтарға, ең алдымен, бізге педагогтерге қатысты.

Ел Басы қолжетімді және сапалы білім беруге, сондай-ақ құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу және кәсіби дағдыларын сертификаттау нәтижелерін мойындау қарастырылған үздіксіз білім алу тұжырымдамасына баса көңіл бөлінген..Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз ету және жоғары оқу орындарының қызметіне бақылау жасауды одан әрі жалғастыру міндеті қойылған.

Президент өскелең ұрпақтың спорттық және шы­ғар­машылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігін атап айтқан. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек.  Балалар үйірмесі қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді.

            Жолдаудан Ел басының «қарпайым» мектептердегі білім беру сапасы толғандырып отырғаны көрінеді. Мем­ле­кеттің тек дарынды оқушыларды қолдауы балалар арасында әлеуметтік ара-жікті ұлғайтуы мүмкін, сондықтан бұған жол беруге болмайды.

Президент айтқандай, «қарапайым» мектептерге мемлекеттік қолдау қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқартуға  көмектеседі.

Білім беру саласына қолдау жасау аясында біздің Президентіміздің маңызды шешімінің бірі - 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көтеруін атап өткен жөн, өйткені жастарды тәрбиелеуде педагог қызметкерлердің үлкен үлес қосатыны белгілі.

 Президент Жолдауында нақты міндеттер және оларды шешудің өзекті жолдары ұсынылған.

Қорытындылай келіп, Қазақстан халқы әлемдік  мемлекеттері арасында ең жоғары дамыған әлем елдері қатарында тұру үшін ел Президентімен бір бағытта, барлығымыз бірге бір мақсатқа жылжып келеміз, соған орай біз де қолымызда бар барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз.

Катима Ахметова, білім бөлімі

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 21.09.2020 15:29
Құрылған күні: 21.09.2020 15:29

Текст