"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудан мектептеріндегі кәсіби бағдар беру жұмысы

        Мектептерде  жүргізілетін  кәсіптік бағдар беру жұмысы  оқушыларға қазіргі заманғы кәсіби  мамандықтармен  танысу үшін  әртүрлілігімен көмектеседі және балаларды  өзін-өзі  тануға, кәсіпті сүюге деген ынтасының  артуына жағдай туғызады.

         Ақкөл ауданы бойынша 27 мектеп бар. Мектептердің  сайттарында "Кәсіптік бағдар жұмысы" бөлімдері құрылды.  Бөлімді  құру мақсаты: білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар жұмысы жоспарларымен және ҚР- дағы оқу орындарымен таныстыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, бөлім сайт қолданушыларына білім ұйымдарында, мектептерде  жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысымен таныстырады.  Сайттың осы  бөлімінде ұйымдардың әртүрлі экскурсия, саяхаттары туралы фотоесептер, еңбек ардагерлерімен және отбасылық еңбек династияларымен кездесулер, кәсіптік бағдар туралы баяндамалар, есептер,  жұмыс жоспарлары, білім грантын алу мүмкіндіктері туралы ақпараттар  орналастырылады.

Кәсіптік бағдар беру көмегімен кәсіби бағдар алуға үйренеді және  өз мүмкіндіктерін кәсіби талаптарға сай салыстырып, өз таңдауын ескере отырып, сондай-ақ оны жасауға көмектесуге әсер етеді.

Оқушылардың мүмкіндіктерін өз таңдауын ескере отырып, кәсіби талаптарға сай, саналы түрде мамандық таңдауға көмектеседі. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік кәсіпке деген көзқарастары және өзінің мүмкіндіктерін  еңбек жолын бағалауға  үйретудің  негізгі ерекшеліктерін қалыптастырудың бір құралы болып табылады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушыларға саналы түрде мамандық таңдауға, жоғары сынып оқушыларына өзіндік көзқараспен еңбек жолын үйрету, өзінің мүмкіндіктері  арқасында оларды бағалау, жүзеге асыруға қалыптастыруда нақты көмек болып табылады. Олар кәсіптік бағдар беру жұмысы нәтижесінде  өздерінің кәсіби жоспарларын  қалыптастырады.

Мектептерде психологтар  мектеп бітірушілерге кәсіптік орта таңдауға кеңес және бағдар береді.

Қашықтан білім беру жағдайында кәсіптік бағдар беру он- лайн тәртібінде жүзеге  асып отыр.

 

Жаңартылған күні: 13.05.2020 13:19
Құрылған күні: 18.05.2020 21:07

Текст