11(12) сыныптағы білім алушылар үшін қорытынды аттестаттаудың
емтихан материалдарын дайындауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің» үлгілік қағидаларының 40-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
2. 9 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда және мерзімдерде өткізіледі:
1) оқыту тіліне байланысты қазақ тілінен/ орыс тілінен, яғни ана тілінен эссе түрінде жазбаша емтихан - 2021 жылғы 28 мамыр;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан - 2 маусым 2021 жыл;
3) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен жазбаша емтихан – 2021 жылғы 5 маусым.
3. 11 (12) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда және мерзімдерде өткізіледі:
1) оқыту тіліне байланысты қазақ тілінен/ орыс тілінен, яғни ана тілінен эссе түрінде жазбаша емтихан - 2021 жылғы 1 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан - 4 маусым 2021 жыл;
3) Қазақстан тарихы бойынша тестілеу-7 маусым 2021 жыл;
4) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 2021 жылғы 10 маусым.
4. Емтихан материалдары (эссе тақырыптары, бақылау жұмыстары, жауап парақтары бар сұрақ кітапшалары, "тыңдау" блогына арналған MP3 форматындағы аудиоматериал) электрондық форматта дайындалады. Барлық файлдар мұрағатталады және бұлтқа жүктеледі.
5. Бұлтқа сілтеме 2021 жылғы 15 мамырға дейін облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына одан әрі 2021 жылғы 20 мамырға дейін білім бөлімдеріне беру үшін жіберіледі. Білім бөлімдері сілтемені білім беру ұйымдарына 2021 жылғы 25 мамырға дейін береді.
6. Келесі мерзімде білім беру ұйымдарына мұрағатталған файлды ашу үшін пароль жіберіледі:
Оқыту тілі бойынша эссе тақырыптары-31 мамыр 2021 ж.;
Алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан-3 маусым 2021 ж.;
Қазақстан тарихы бойынша сұрақнама кітапшалары-6 маусым 2021 ж.;
Қазақ/орыс тілі бойынша аудиоматериалдары бар сұрақ кітапшалары – 9 маусым 2021 ж.
Құпия сөздерді тарату уақыты: ҰТО – дан білім басқармаларына – 9:00 – ден 10:00-ге дейін, білім басқармаларынан білім бөлімдеріне-10:00-ден 13:00-ге дейін, білім бөлімдерінен білім беру ұйымдарына -16:00-ден 17:00-ге дейін.
7. Мұрағатталған файлды ашқаннан кейін емтихан материалдары білім беру ұйымында бітірушілердің санына сәйкес емтиханнан бір күн бұрын басып шығарылады.
8. Эссе тақырыптары, бақылау жұмысы конверттерге, сұрақ кітапшаларына және жауап парақтарына әр сынып бойынша жеке қорапқа салынады. Аудиоматериалдар электрондық тасымалдағышқа жүктеледі және сұрақ кітапшаларымен және жауап парақтарымен бірге қорапқа салынады.
9. Буып-түйілген материалдар күні қойылып, білім беру ұйымының мөрімен мөрленеді.
10. Емтихан материалдары емтихан өткізілгенге дейін құпиялылық шараларын сақтай отырып (сейфте сақтау) білім беру ұйымында сақталады.
11. Емтихан материалдары емтихан басталардан 1 сағат бұрын кемінде 5 мұғалімнің қатысуымен ашылады.
12. Емтихан материалдары үшін жауапкершілік тараптардың жауапты тұлғалары ұсынған білім бөлімдері мен ұйымдарына жүктеледі.
Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО)11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын дайындайды және 2021 жылғы 20 мамырға дейін электронды түрде Білім басқармаларына дейін жеткізуге жауапты болады.
Білім басқармалары 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын дайындайды және оларды ҰТО-дан алған 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан материалдарымен бірге электронды түрде жеткізетін болады.
Белгілі себептермен қорытынды аттестаттауға қатыса алмаған оқушылар үшін 11-20 маусым аралығында қосымша етмихан ұйымдастырылатын болады.
2020-2021 оқу жылының аяқталуы 25 мамыр.
25 мамырдан 20 маусымға дейін білім сапасындағы олқылықтары бар оқушылармен қосымша жұмыс жалғасатын болады. Сол себепті сынып, пән бойынша қосымша сабақ күндері белгіленіп, кестесі құрылсын.