ХІ «АҚБЕРЕН-2024» шығармашылық байқауы
2024 жылы 9 қазан күні Ақкөл ауданы Кеңес ауылының ЖОББМ» КММ аудандық «Ақберен-2024» өнер сайысы өткізілді. Сайысқа ауданның 12 мектебінен 12 мұғалім, 30 оқушыны дайындап әкелді. Сайыс 6 номинация бойынша өткізілді: шешендік, білгірлік сайысы, эссе жазу, көркемсөз оқу, ақындар мүшәйрасы, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы. Сайыстың басында Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышханқызы алғы сөзін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс өте тартысты өтті. Пән мұғалімдері оқушыларды жоғары деңгейде дайындаған. Әділқазылар өз төрелігін айтты. Оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Облыстық
кезеңге жолдама алған оқушылар:
Ибраева Рамина 9 сынып оқушысы, Рамадан ауылының негізгі орта мектебі «Эссе жазу» номинациясы бойынша 1 орын, жетекшісі Ардабайұлы Бегзада.
Данбаев Назархан - 11 сынып оқушысы, Ақкөл ауданы Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі «Эссе жазу» номинациясы бойынша 1 орын, жетекшісі Ибраева Асемгүл.
Дәуренбек Нұрдәулет - 10 сынып оқушысы, Ақкөл ауданы Ж.Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 1 орын, жетекшісі Ибраева Асемгуль.
Жанболат Аида - 11 сынып оқушысы, Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша 2 орын, жетекшісі Мұратбек Айнұр.
Назымбек Айша - 9 сынып оқушысы, Амангелді ауылының негізгі орта мектебі «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 1 орын, жетекшісі Жұмабекова Айгүл Ескалиевна.
Амандыққызы Аружан - 8 сынып оқушысы, Ақкөл ауданы Ж.Бектуров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі «Шешендік білгірлік сайысы» номинациясы бойынша 1 орын, жетекшісі Дорж Март.
Облыстық сайысқа жолдама алған қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышхан