Клуб кеңесіне қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі, орыс тілі, бастауыш сынып мамандары кіреді.
Клуб жұмысы клуб Кеңесінің басшылығымен іске асады.
Клуб өз қызметін сабақтан тыс оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырады.
Клубтың жұмыс жоспары клуб мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.
Клубта екі секция жұмыс істейді:
«Көркемсөз» оқу секциясы,
«Драма» секциясы.
-Жоспар негізінде Абай әлемін әдебиетпен ұштастыра оқыту;
-Оқушыларды поэзия әлемін түсіндіре отырып, адамгершілікке үйрету;
-Абайдың өлеңдерін келесі ұрпаққа насихаттау және нақышына келтіріп айта білуге тәрбиелеу;
-Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Абай әлемі» клубының міндеттері:
Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, оны сөздіксіз аудару деңгейіне жеткізу;
Абай мұрасын оқып үйрене отырып, алған білім мен дағдыларын әртүрлі жағдаяттар мен сайыстарда қолдана алуға тәрбиелеу;