Ақкөл ауданының білім беру объектілерінің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қабылданды.
Ауданның барлық білім беру мекемелері автоматты өрт дабылымен жабдықталған, бұл 100% - ды құрады. АСЖ уақтылы қызмет көрсетіледі.
Білім беру мекемелерінің жауапты тұлғаларымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша нұсқаулық өткізілді, онда педагогикалық құрам мен оқушылар қамтылды. Сондай-ақ өрт туындаған жағдайда іс-қимылдарды пысықтау бойынша практикалық жаттығулар жүргізіледі.
Директорлардың әкімшілік - шаруашылық бөлімі бойынша орынбасарларына электр желілерін монтаждау және электр аспаптарын пайдалану кезінде электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарын сақтауға нұсқау берілді, жертөлелерде және саты баспалдақтарының астында жанғыш материалдарды сақтауға тыйым салынды. Мектептерді алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету, өртті автоматты түрде анықтау және сөндіру жүйелерінің жай-күйі, ішкі және сыртқы өрт сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйі тұрақты бақылауда.
Бұдан басқа, Ақкөл аудандық білім бөлімі басшысының "өртке қарсы қауіпсіздік туралы" бұйрығы шығарылып, Ақкөл аудандық білім беру ұйымдарының назарына жеткізілді.
Барлық оқу орындарында өртке қарсы іс-шаралар кешені өткізілді, оның ішінде: интерактивті сабақтар, викториналар, конкурстар, балалар ойынынан болатын өрттердің алдын алуға бағытталған оқу фильмдері мен роликтерін көрсету, өрт қауіпсіздігі ережелерін зерделеу бойынша ашық сабақтар.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру мектеп директорының актісімен атқаратын лауазымы бойынша немесе орындалатын жұмыстардың сипаты бойынша, қолданыстағы нормативтік құқықтық және өзге де актілерге байланысты тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын немесе олардың мектеп қызметінде сақталуын қамтамасыз ететін адамдарға жүктелген
Жылыту қызметімен байланысты мектеп қызметкерлері жұмысқа тек оқудан, өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жіберіледі, ал жұмыс ерекшелігі өзгерген жағдайда ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқытудан өтеді
Әрбір мектепте бұйрықпен (нұсқаулықпен) олардың өрт қауіптілігіне сәйкес Өртке қарсы режим, оның ішінде ашық отты пайдалану тәртібі белгіленген, үй-жайда бір уақытта болатын шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің орындары мен рұқсат етілген саны айқындалған; шаңды жинау, майланған киімді сақтау тәртібі белгіленген; өрт болған жағдайда және жұмыс күні аяқталғаннан кейін электр жабдығын токтан ажырату тәртібі айқындалған, өрт анықталған кезде қызметкерлердің іс-әрекеттері регламенттелген; лауазымдар тізбесі, өртке қарсы нұсқамадан және өрт-техникалық минимум бойынша сабақтардан өту тәртібі мен мерзімдері анықталды, сондай-ақ оларды өткізуге жауаптылар тағайындалды
Мектептер балалар жаппай болатын объектілер болып табылатындықтан (ауданы 50 шаршы метр және одан астам үй-жайдың бір шаршы метріне бір адамнан көп адам болатын бір немесе бірнеше үй-жайы бар объектілер (авариялық жағдайлардан басқа), өрт кезінде балаларды эвакуациялаудың схемалық жоспарына қосымша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балаларды тез эвакуациялау бойынша персоналдың іс-қимылын айқындайтын нұсқаулықтар әзірленді. Көрсетілген Нұсқаулыққа сәйкес жарты жылда кемінде бір рет эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қызметкерлердің практикалық жаттығулары өткізіледі.
Адамдар түнде болатын объектілер үшін (балабақшалар, мектеп-интернаттар) нұсқаулықта іс – қимылдың екі нұсқасы көзделген-күндізгі және түнгі уақытта.
Мектеп аумағында жанғыш қалдықтардың, қоқыстардың үйінділерін орналастыруға тыйым салынады, барлық қалдықтарды арнайы бөлінген алаңдарда контейнерлерде немесе жәшіктерде жинауға, содан кейін шығаруға нұсқау беріледі.
Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сатыларына және өрт сөндіру үшін пайдаланылатын су көздеріне жолдар, өту жолдары мен кіреберістер өрт техникасының өтуі үшін әрдайым бос, жарамды күйде, қыста – қар мен мұздан тазартылып ұсталады; жолдарды немесе өту жолдарын жөндеу үшін немесе өрт сөндіру машиналарының өтуіне кедергі келтіретін басқа да себептер бойынша жабу туралы өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне дереу хабарланады
Барлық білім беру объектілерін жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі қағидаларына қосымшаларда көрсетілген алғашқы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларына сәйкес), Өртке қарсы қызметті шақыруға арналған байланыс құралдарымен қамтамасыз ету
Қазандықтарда жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіретін аншлагтар орналастырылған.