2021 жылғы 25 ақпанда БКБ-де "2020-2021 оқу жылының 1-ші жартыжылдығындағы тәрбие жұмысын талдау және екінші жарты жылдығындағы міндеттер" тақырыбында кеңес өткізілді, Ақмола облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы және қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Айгүл Бексұлтанқызы Нұгертаеваның және Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Шолпан Қалиқызы Қажығалиеваның төрағалығымен аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Жаншүгіровтің, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы, Ауылдық мектептерде қосымша білім беру, жазғы демалысқа дайындық және құқық бұзушылықтардың алдын алу сияқты мәселелер қаралды. Әдістемелік ұсынымдар беріліп, келесі жартыжылдыққа міндеттер қойылды.