"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың маңызы» атты аудандық семинар

29.11.2024

 

        27.11.2024  жылы  «Ақкөл қаласының Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 Ақкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ- де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың маңызы» тақырыбында аудандық семинар өтті.

         Семинар бағдарламасы аясында   «Ақкөл  қаласының  Кеңес Одағының Батыры   П. Исаков атындағы №1 Ақкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ- нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  Ракадыл Кумисгул 11-сыныпта «Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі»,  Акимова Замзагуль Сайлаубайевна 4-сыныпта «Абай Құнанбайұылы - ұлы ақын» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтар өте тартымды, мәнді де тағылымы мол  жаңаша оқыту технологиясына сай,  әдістемелік жағынан дұрыс  құрылған  сабақтар болды.  Сонымен қатар,   «Ақкөл  қаласының  Ж. Бектұров атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ - нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дорж Март “Қазақ тілі сабағында креативті ойлау арқылы функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалардың маңыздылығы,  Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  Семсерхан  Съез  "Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді  әдіс-тәсілдері",   «Ақкөл қаласының  Кеңес Одағының Батыры  П. Исаков атындағы  № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ - нің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Хадыр А. «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары»,   «Ақкөл қаласының  П. Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі»  КММ- нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ержанова Г.А.  "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың  оқу сауаттылығын  қалыптастыру"  тақырыбында  шебер- сыныптар өткізді.  Ашық сабақтар және  шебер – сыныптар өткізген ұстаздар  әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.  мектеп директоры  Сейітова Гүлжан Маратовна және  директордың ғылыми жұмыстар бойынша  орынбасары  Бреус Светлана Станиславовна  семинарға  бастан аяқ  қатысып, семинар соңын қорытындылады. Тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинар өте жоғары деңгейде өтіліп, ашық сабақ берген  және шебер - сынып өткізген мұғалімдерге,  ұйымдастырушы мектеп басшыларына білім бөлімінің атынан сертификаттар берілді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері-модератор   Ханша Ахтышханқызы семинарға қатысушыларға, мектеп ұжымына, ұстаздарға аудандық білім бөлімінің атынан алғысын  жеткізді.

Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышхан

   

Просмотров: 1225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст