Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 1 ақпаны мен 25 ақпаны аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің математика мұғалімдері арасында "Педагогикалық идеялардың вернисажы" атты педагогикалық шеберліктің сырттай онлайн-байқауы өтті. Конкурс жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудың инновациялық әдістемелерін әзірлеу және қолдану бойынша үздік педагогикалық тәжірибені жалпылауға және таратуға, сондай-ақ оқыту сапасын жақсарту мәселелерінде педагогтердің белсенділігін ынталандыратын қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Онлайн-байқауға Ақмола облысының 70 педагогы қатысты. Байқау үш бағыт бойынша өткізілді: педагогикалық инновациялар; оқытылатын пәндер бойынша оқыту мен тәрбиелеудің көрнекі дидактикалық құралдары; Оқу-әдістемелік кешен. Конкурс қорытындысы бойынша "Оқытылатын пәндер бойынша оқыту мен тәрбиелеудің көрнекі дидактикалық құралдары" бағыты бойынша: 1 орынды Ақкөл ауданы бойынша бiлiм белiмi Ақкөл қаласының Жайық Бектуров атындаrы № 3 жалпы орта бiлiм беретiн мектебi» КММ; математика пәнінің мұғалімі Берік Улиханович Калиев иеленді. "Оқу-әдістемелік кешен" бағытында 3 орынды «Ақкөл ауданы бойынша бiлiм блiмiДомбыралы ауылының Горький атындағы мектеп-балабакшасы»КММ математика пәні мұғалімдері Ершова Людмила Ивановна және Мисник Екатерина Александровна иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!