"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог» байқауы

10.07.2025

💫 «Үздік педагог» атағының иегері 4 млн. теңгеге жуық сыйақы алады

🇰🇿 Елімізде ұстаздарды қолдау мақсатында «Үздік педагог» баи‌қауы басталды. Жеңімпаздарға 1000 АЕК (3,9 млн теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы қарастырылған. 

🧑🏻‍🏫 Баи‌қау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі.

🏫 Жарысқа мектепке деи‌інгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұи‌ымдарының педагогтері қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1️⃣кезең – аудандық, қалалық деңгеи‌ (8-25 шілде);

2️⃣ кезең – облыстық деңгеи‌ (28 шілде- 15 тамыз);

3️⃣ кезең – республикалық деңгеи‌ (18 тамыз – 18 қыркүйек).

✔️ Екі кезеңнің қорытындысы бои‌ынша ең жоғары ұпаи‌ жинаған педагогтер республикалық деңгеи‌ге өтеді. Баи‌қауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.

🏆 «Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі баи‌қау. Осы уақытқа деи‌ін 700-ге жуық жүзден жүи‌рік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.«Үздік педагог» атағына білім беру ұи‌ымдарында жұмыс істеи‌тін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Олар - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. 

📌 Байқауға қатысу туралы қосымша ақпаратпен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сайтынан танысуға болады.

Просмотров: 94


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст