📣 «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды!
Бұл байқау – шығармашыл әрі бастамашыл педагогтер үшін жаңа мүмкіндіктердің алаңы.
Ол ұстаздарға өз жетістіктері мен кәсіби шеберліктерін көрсетуге, сондай-ақ жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәсілдерімен бөлісуге бірегей мүмкіндік береді.
👩🏫 Байқауға келесі талаптарға сай педагогтер қатыса алады:
🔹 Мектепке дейінгі, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкерлері;
🔹 Меншік түрі мен ведомстволық бағынысына қарамастан;
🔹 Педагогикалық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен;
🔹 Құжаттарды тапсырған сәтте үздіксіз педагогикалық өтілі кемінде 5 жылды құрауы тиіс;
🔹 Қазақстан Республикасының азаматтары.
📜 Байқау ҚР Оқу-ағарту министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
📅 Байқау кезеңдері:
▪️ 1-кезең — аудандық/қалалық (облыстық маңызы бар қалалар): 8 шілде – 25 шілде
▪️ 2-кезең — облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласы: 28 шілде – 15 тамыз
▪️ 3-кезең — республикалық: 18 тамыз – 12 қыркүйек
📥 Байқауға қатысу үшін педагогтер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік педагог» платформасына құжаттарды жүктеуі қажет.
#ҮздікПедагог
#Педагог2025
#РеспубликалықБайқау
#ШығармашылҰстаз
#БілімСапары
#ЖаңашылМұғалім
#ҰстазМәртебесі
#ОқуАғартуМинистрлігі
#ҚазақБілімі
#Педагогика
#ҰстазЖолы
#БілімКөшбасшысы
#ҚазақстанМұғалімі