2021 жылдың 17-19 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жоспары бойынша педагог кәсібінің мәртебесін арттыру мақсатында Ақмола облысының бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында "Үздік педагог" сырттай байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Бұл шығармашылық сайысқа бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының 21 педагогы қатысты . Байқауға қатысу үшін педагогтар келесі конкурстық материалдарды ұсынды: "Менің жүрегімнің мектебі" бейнеролигі, бейнесабақ, портфолио, эссе. Ақкөл ауданы Новорыбинка орта мектебінің математика, физика пәні мұғалімі Бичун Максим Николаевич байқау қорытындысы бойынша "Эрудит-педагог" номинациясына ие болды. Ақмола облысы білім басқармасының грамотасымен және 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
А. Жаншугурова-Ақкөл аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі