"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыс мезгілінде қолайсыз ауа райы жағдайында жалпы білім беру ұйымында оқу процессін ұйымдастыру тәртібі

27.11.2025

Қыс мезгілінде қолайсыз ауа райы жағдайында  жалпы білім беру ұйымында    оқу процесін ұйымдастыру «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығына, Ақмола облысы білім басқармасының басшысымен бекітілген Ақмола облысының білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту режиміне көшу кезінде  қолайсыз ауа райы метеожағдайларында  ұсынылатын көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.  

Аудандық білім бөлімі қолайсыз ауа райының метеожағдайлары бойынша  ата-аналар мен білім алушыларға уақытында хабарлау мақсатында  жауапты тұлға тағайындайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау:

  • бірінші ауысым үшін - сағат 6.45–8.00-ге дейін;
  • екінші және үшінші ауысым үшін - сағат 11.15–13.00-ге дейін.

Қолайсыз ауа райының метеожағдайлары бойынша оқу процессі онлайн форматқа ауыстырылады:

 

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 27°С;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 30°С;
  • 1-11 сынып оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері үшін сыртқы ауа температурасы – 35°С және одан төмен.

 

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 25°С;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 27°С;
  • 1-11 сынып оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері үшін сыртқы ауа температурасы – 30°С және одан төмен.

 

Қатты көктайғақ кезінде:

  • желдің жылдамдығы секундына 6-7 метр болғанда, 1-4 сынып

оқушылары үшін сабақ өткізуі тоқтатылады;

  • желдің жылдамдығы секундына 8-9 метр болғанда, 1-9 сынып

оқушылары үшін сабақ өткізуі тоқтатылады;

  • желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары

болғанда, 1-11 сынып оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері үшін.

Боран күшейіп, жолдың көрінуі нашарлаған жағдайда, 1-11 оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін оқу процессі онлайн форматқа ауыстырылады.
 

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст