"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен практиканың бірлігі»

08.12.2025

3 желтоқсанда «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен практиканың бірлігі» тақырыбында Республикалық семинар-практикум өтті.
Онда ЖББ «П. Исаков атындағы №1  мектеп» педагог-психологы Нурманова Альфия Калыгалиевна және ЖББ «Еңбек ауылының орта мектебі» педагог-психологы Смагулова Бибігүл Каировна «Адал азамат» парадигмасы бойынша республика педагогтарына арнап табысты тренинг жүргізді.
Шара балалардың сауықтыру лагері «Балдаурен» базасында өтіп, Қазақстанның барлық өңірінен 185 қатысушыны жинады.
Тренинг барысында педагогтар адал, жауапты және белсенді азамат тұлғасын қалыптастырудың заманауи тәсілдерімен танысып, оқу ортасында қолдануға болатын практикалық әдіс-тәсілдерді меңгерді.
Ерекше назар құндылыққа негізделген тәрбиеге, тұлғалық әлеуетті дамытуға және қауіпсіз, қолдаушы орта қалыптастыруға аударылды.
Барлық педагогтарға белсенділігі, ашықтығы және дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз.
Жұмыс жалғасуда — бірге біз адал азамат ұрпағын қалыптастырамыз!

Просмотров: 605


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст