" />
29.12.2025
Қазақстан Республикасы БҒМ-нің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге және балалардың қосымша білім алуына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»,
“Ақкөл ауданы білім бөлімі” ММ балалардың қосымша білім алуы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Үйірме түрлері
Балалардың қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттардағы қосымша білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады:
1. Ғылыми-техникалық бағыт
(бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; кеме модельдеу; зымыран модельдеу; робототехника; ғарыштану; 3D модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; модельдеу; атыс спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелерді жобалау негіздері; өнертабыстар; радиоспорт; радиоэлектроника; жобалау; бағдарламалау; компьютерлік жобалау; кинопроизводство; желкенді спорт; электротехника; химия-техникалық бағдарламалау; lego-құрастыру; спорттық радиомодельдеу; автоісінің негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылысы технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік модельдеу; шағын кеме көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім және модельдеу; ғарыш ғылымы; рендеринг; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүретін көліктер; ағаш ұстасы; автослесарь; арбалар; физика және робототехника; робототехника: жобалау және бағдарламалау; халық қолөнері; «Жас құтқарушы»; STEAM-зертхана; ООҚ бар балаларға арналған конструктор; киберспорт; ұшқышсыз ұшу аппараттары) — 76 ваучер, бір білім алушыға орташа шығын қалада 15 217 теңге, ауылда 15217 теңге (ООҚ бар балаларға — қалада12810 теңге, ауылда 15800 ).
2. Туристік-өлкетану бағыты
(таулы туризм; су туризмі; жаяу туризм; спорттық альпинизм; спорттық бағдарлау; спелеотуризм; велотуризм; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экотуризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауыл туризмі; ғылыми туризм; гид-экскурсоводтар; географиялық өлкетану; тарихи өлкетану; экологиялық өлкетану; музейтану; ат туризмі; жас тау құтқарушысы; жол-құтқарушы; археология) — 10 ваучер, бір білім алушыға орташа шығын қалада 15 217 теңге, ауылда 15217 теңге (ООҚ бар балаларға — қалада12810 теңге, ауылда 15800 ).
3. Экологиялық-биологиялық бағыт
(экология; орнитология; балық шаруашылығы; гүл өсіру; флористика; зоология; анималистика; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария; геология; ландшафттану; экологиялық зерттеуші; өнеркәсіп экологиясы; STEM-зертхана (биология, химия зерттеулері); гидропоника; эко-журналистика; фитопатология) — 8 ваучер, бір білім алушыға орташа шығын қалада 15 217 теңге, ауылда 15217 теңге (ООҚ бар балаларға — қалада12810 теңге, ауылда 15800 ).
4. Көркем-эстетикалық бағыт
(керамика; мүсін; керамикалық мүсін; кесте; тоқыма; тігін, макраме; оригами; қағаз бұйымдары; кілем тоқу; зергерлік өнер; ағашқа өрнек салу; металлға өрнек салу; керамикаға өрнек салу; былғарыны көркем өңдеу; металды көркем өңдеу; пирография; ағаш, былғары, мата бетіне бедерлеу; киім үлгілеу; құрақ-көрпе, тамбурлы кесте; ағашты көркем өңдеу; арт-терапия; киім дизайны; қыш өнері, мүсіндеу) — 48 ваучер, бір білім алушыға орташа шығын қалада 15 217 теңге, ауылда 15217 теңге (ООҚ бар балаларға — қалада12810 теңге, ауылда 15800 ).
5. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт
(журналистика, медиа-орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; волонтерлік қозғалыс; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер) — 25 ваучер бір білім алушыға орташа шығын қалада 15 217 теңге, ауылда 15217 теңге (ООҚ бар балаларға — қалада12810 теңге, ауылда 15800 ).
6. Гуманитарлық бағыт
(тілдік курстар) — 41 ваучер, бір білім алушыға орташа шығын қалада 15 217 теңге, ауылда 15217 теңге (ООҚ бар балаларға — қалада12810 теңге, ауылда 15800 ).
7. Жаратылыстану-математика бағыты
(математика курстары) — 41 ваучер, бір білім алушыға орташа шығын қалада 15 217 теңге, ауылда 15217 теңге (ООҚ бар балаларға — қалада12810 теңге, ауылда 15800 ).
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 29 желтоқсан –2026 жылдың 6 қаңтар (қоса алғанда).
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
өтініш (Қағидалардың қосымша 5 нысаны бойынша);
ұйымның жарғысының көшірмесі (ЖК – қоса құрылмаған жағдайда — қолданылмайды);
жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі немесе жалдау шарты;
материалдық базаға құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты;
балалардың қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
педагогтердің білімі туралы құжаттар, еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, біліктілік құжаттары;
штат кестесінің көшірмесі және педагогтердің біліктілік деңгейін растайтын құжаттар;
ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда) немесе тәжірибенің жоқтығы туралы хат;
бейнебақылау камераларының сызбасы (басшының қолы мен мөрімен);
өрт кезінде эвакуациялау жоспары (қол қойылып, өрт қауіпсіздігі органымен келісілген).
Құжаттар нөмірленіп, тігілеп, мөрмен (болған жағдайда) және басшының қолымен расталады.
Қағидалардың 13-тармағы 3-тармақшасына сәйкес конкурсқа бейнебақылау камералары орнатылып, ЦОУ-ға міндетті түрде қосылған, дабыл түймесі, турникет және физикалық күзетпен қамтамасыз етілген ұйымдар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
Ақкөл қаласы, Т.Бегельдинов көшесі, 10-үй
Байланыс телефондары: 5-52-54
Электрондық форматта: akmmetodcenter@yandex.kz