"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025-2026 оқу жылының 9-11 сыныптар арасындағы облыстық олимпиада

14.01.2026

2026 жылғы 5–9 қаңтар аралығында 2025–2026 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Ақкөл  ауданы бойынша 8 оқушы қатысты.Ауданымыз келесі нәтижеге қол жеткізді: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Ж.Бектұров атындағы №3 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Серікбол Аружан 1-орын  (жетекшісі: Ибраева Әсемгүл Ахмедияровна), математика пәні бойынша Урюпинка ауылының ЖОББМ мектебінің 10-сынып оқушысы Каримова Сания 3-орын (жетекшісі: Ташенова Баглан Аубакировна) иеленді. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша  Ж.Бектұров атындағы №3 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Салык Арайлым (жетекшісі: Тулеуова Динара Төлегеновна); Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша  Ж.Бектұров атындағы №3 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Мейрамова Мадина (жетекшісі: Худобина Венера Рафаиловна); Информатика пәні бойынша Ж.Бектұров атындағы №3 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Қуандық Әмір (жетекшісі: Пермахан Нұртілеу) грамотамен марапатталды. Жеңімпаздарды және жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!  Ж.Бектұров атындағы №3 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Серікбол Аружан мен жетекшісі Ибраева Әсемгүл Ахмедияровнаға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! 

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст