30.01.2026
2026 жылы 27-29 қаңтар аралығында «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңіне ауданымыздан Ж.Бектұров атындағы #3 ЖББ мектебі мен Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 Ақкөл ЖББ мектебінің командалары қатысты.
Чемпионатқа робототехникамен айналысатын 119 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстың 7 түрі бойынша анықталды: Роботек, Инверстік сызық бойымен жарыс, Жеткізуші робот, Мерген, Туды жеткізу, Сұрыптаушы робот, РобоБаскетбол.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша 22 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
І-дәрежелі дипломмен Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 Ақкөл жалпы білім беретін мектебі КММ" 10 сынып оқушылары Полынин Никита мен Жумабаев Алидар құттықтаймыз! Мұғалімі Полынин Максим Викторович.
Робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңінің жеңімпаздары Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 Ақкөл жалпы білім беретін мектебі КММ" шын жүректен құттықтаймыз!
Жоғарыда аталған, мектеп директорлары мен мектеп ұжымына алғысымыз шексіз!