30.01.2026
«Ақкөл ауданы білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтарда білім беру ұйымдары арасында кәсіби ынтымақтастық пен өзара қолдау мәдениетін дамыту, әріптестік байланыс орнату, мектепішілік жобаларды тиімді жүзеге асыруды жетілдіру, жобаларды жоспарлау, орындау және жүзеге асыру жолдарын талқылау, шешу жолдарын қарастыру, жаңашыл жобаларды таныстырып, оларды мектеп тәжірибесіне енгізу жолдарын қарастыру мақсатында аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Ақкөл ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Қына ауылының жалпы орта бiлiм беретiн мектебi» КММ-сінің оқу ісі меңгерушілері Толғанай Роза мен тәрбие жұмысының орынбасары Абдрахманова Жанар Аманжолқызы тәэірибелерімен бөлісті.
Оқу ісі меңгерушісі Толғанай Роза мектепішілік «Білім беруді жаңарту» (Образовательный апгрейд) жобасымен, жобаның мақсат-міндетімен, негізгі бағыттарымен, нәтижелерімен таныстырып, күтілетін нәтижелеріне, жүзеге асырылуына тоқталды.
Тәрбие жұмысының орынбасары Абдрахманова Жанар Аманжолқызы «Қына: шағын отанымның тірі тарихы» атты мектепішілік тәрбие бағытына арналған жоба жұмысының жүзеге асырылуымен, жұмыс барысымен, мақсат-міндетімен, нәтижелерімен, алдағы жұмыстарымен таныстырды.
Аталған мектептің мектеішілік жобалары - бір-бірімен тығыз байланысты, оқу және тәрбие процесін арттыруға бағытталған. Аталған жоба аясында мектеп әкімшілігінің бірлескен ұжымдық жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ауқымды жұмыс атқарып жатқан әріптестерге сәттілік тіледі.
Білім бөлімі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде білім сапасын арттыруға бағытталған сапалы жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу жұмысын ары қарай жалғастыратын болады.