06.02.2026
«Ақкөл ауданы білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 4 ақпанда білім беру ұйымдары арасында кәсіби ынтымақтастық пен өзара қолдау мәдениетін дамыту, әріптестік байланыс орнату, мектепішілік жобаларды тиімді жүзеге асыруды жетілдіру, жобаларды жоспарлау, орындау және жүзеге асыру жолдарын талқылау, шешу жолдарын қарастыру, жаңашыл жобаларды таныстырып, оларды мектеп тәжірибесіне енгізу жолдарын қарастыру мақсатындағы кезекті аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Ақкөл ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Ақкөл қаласының №4 жалпы орта бiлiм беретiн мектебi» КММ-сінің оқу ісі меңгерушілері И.К.Мажникова мен тәрбие жұмысының орынбасары Н.В.Трифонова тәжірибелерімен бөлісті.
Оқу ісі меңгерушісі И.К.Мажникова білім сапасын арттыру бағытындағы мектепішілік «Lesson Study жобасы: оқуды жақсарту үшін сабақтарды зерттеу» ( Проект «Lesson Study. Исследуем урок — улучшаем обучение»), Жаңашыл мұғалімдер мектебі: Әдістемелік жұмыстағы АИ жобасы (Проект «Школа педагогов-новаторов: ИИ в методической работе»), «Танымдық экран» (Проект «Познавательный экран») жобасымен, жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырды.
Тәрбие жұмысының орынбасары Н.В.Трифонова тәрбие бағытындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыспен, жобалармен таныстырды.
Мектепте сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, әріптестерге сәттілік тіледі.
Білім бөлімі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде білім сапасын арттыруға бағытталған сапалы жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу жұмысын ары қарай жалғастыратын болады.