АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!
12.10.2026
🇰🇿 Республика күніне орай Ақмола облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Намыс» және «Жігер» спартакиадалары аясында «Әскерилендірілген кросс – 2026» облыстық жарысы өтті.
🏅 Жарыс қорытындысы бойынша Ақкөл ауданының командасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға ие болды.
🥉 Ал Ақкөл қаласындағы Ж. Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Малбагаров Шыңғыс жеке есепте жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ орынды жеңіп алды!
👏 Жүлдегерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
🇰🇿 Жас спортшыларымыздың жетістіктері арта берсін!
#АқкөлАуданы #РеспубликаКүні #ӘскерилендірілгенКросс2026 #Намыс #Жігер #Спартакиада #ЖасСпортшылар #Жеңіс