Текст
Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларының арасында Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңін өткізді. Президенттік олимпиадаға «Алтын белгі» немесе «Үздік аттестат» иегерлеріне үміткерлер қатарынан 13 оқушы қатысуға өтінім білдірді. Ең жоғары нәтиже көрсеткен Сакенова Аида Ержановна Ж.Бектуров ат.№ 3 ЖОБМ, Нурмухамет Эльмира Азат а.ЖОБМ, Емельянова Анастасия Алексеевна №4 ЖОБМ, Дехант Роман П.Исаков ат.№1 ЖОБМ келесі кезеңге жолдама алып, ауданымыздың намысын облыста қорғайтын болады. Оқушыларымызға Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!