Ақкөл ауданы мектептері республикалық "Қауіпсіз мектеп автобусы" акциясына белсене қатысуда. Ауданның 27 мектебі ақпараттық жұмыспен қамтылды.
Акцияның мақсаты оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, мектеп автобустарымен балаларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуды ұйымдастыру болып табылады.
Балаларды мектепке жеткізуді қамтамасыз ететін көлік құралдарының (автобустардың) жай-күйін, жүргізушілердің сапалы құрамын зерттеу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы мектеп автобустарының жүргізушілерімен Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу, автокөліктің техникалық жай-күйін, мектептерге кірме жолдардың қауіпсіздігін тексеру, балаларды тасымалдайтын көлік құралында (автобуста) арнайы жарық (жарқылдауық маяктардың) және дыбыс сигналдарының болуы тақырыбында үнемі әңгіме өткізеді. Автобустар көліктің алдыңғы және артқы жағындағы "балалар" белгілерімен, екі жағында және алдыңғы әйнекте "Мектеп автобусы" жазуларымен, автобустың төбесінде жарқылдауық маякпен жабдықталған. Күн сайын рейс алдында жүргізушілер медициналық тексеруден өтеді. Жыл сайын автобустар техникалық тексеруден өтеді.
Білім беру ұйымдарында осы акцияға арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді: өзін-өзі сақтау шаралары туралы қауіпсіздік сабақтары, флеш-мобтар (5-11 сыныптар), сынып сағаттары, жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша суреттер конкурстары (1-4 сыныптар) өткізілді."Мектеп автобусындағы оқушылардың мінез-құлық ережелері" сұхбаттары, жол қозғалысы қауіпсіздігінің бұрыштары жаңартылды, жол қозғалысы ережелерін зерделеу бойынша әдістемелік материалдардың папкалары толықтырылды, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мектеп сайттарындағы ақпарат жаңартылды, "Абайлаңыз, балалар!" "Қауіпсіз мектеп автобусы",, сурет конкурстары өткізілді. Жас жол инспекторларының жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы баяндамалары ұйымдастырылды. Күн сайын бастауыш сынып мұғалімдері соңғы сабақта жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы екі-үш минуттық әңгіме - ескертулер, балалардың назарын ауа-райына аударады. Сондай-ақ, "жүргізушіге хат" шығармалар конкурсы, жүргізушілер үшін үнпарақтар құрастыру өткізілді. Ақпараттық сағаттар өткізілді : "Жол ережесін біл және сақта", "Мектеп автобусындағы тәртіп ережелері", "Жол белгілері еліне саяхат", "Балаларға қауіпсіз жол".
Әлеуметтік желілерде акция нәтижелері бойынша ақпараттар жарияланды.