Ақмола облысының әкімдігімен ұйымдастырылған білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық оқуға Ақкөл ауданының білім бөлімінің және қала мектептерінің басшыларымен мемлекеттік көрсетілетен қызметтерге жауапты мамандар, әдіскелер қатысты. Техникалық оқуды кіріспе сөзбен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагоз Балапаевна бастады. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Мухамеджанов Адильбек Кайрбулатович және Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Данагүл Галиоллақызы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы ақпаратпен таныстырды.