"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сапалы дайындық – нәтиже кепілі

07.10.2021

Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ десек,  Президент жыл сайын  Қазақстан халқына жолдаған  Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп,  «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін көрсетіп келеді.

Сапа – оқушының тынымсыз еңбегінің,  ал оқытушының  жүйелі жұмысының  нәтижесі екені сөзсіз.

Жыл сайын мектеп түлектері қорытынды аттестаттауға және Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. ҰБТ – жауапкершілікті қажет ететін, бала шақтан болашаққа жасайтын үлкен қадам, маңызды сынақ. 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

 Сондықтан ҰБТ және қорытынды аттестаттауға  сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 04 қазанда «Дарын онлайн» платформасының қатысуымен онлайн-конференция өткізілді. Онлайн-конференцияға мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері, сынып жетекшілері, биылғы оқу жылғы бітіруші түлектер қатысты.

2021 жылғы 05 қазанда 11 сынып оқушылары «Дарын онлайн» платформасында байқау сынақ тапсырды.

Просмотров: 529


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст