Жақында Көкшетау қаласындағы білім басқармасының жанындағы оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» ҮІІ республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауына Ақкөл ауданының атынан 5 оқушы қатысты. Байқау номинациялары 6 бағытта қаралды:
Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы) сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармаларынан үзінді);
Эссе жазу
Ұлттық аспапта ойнау (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
Ақындар айтысы;
Ақындар мүшәйрасы.
Әділқазылар алқасы Ақмола облысының құрамысының өнерін бағалалады.
«Көркем сөз» номинациясы бойынша Саздыбұлақ орта мектебінің 10- сынып оқушысы Муратбек Шұғыла, «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша Еңбек орта мектебі- бақшасының 9- сынып оқушысы Кадырова Анель, «Шешендік білгірлік сөз өнері» сайысы бойынша Азат орта мектебінің 10- сынып оқушысы Даулетбек Назым, «Ақындар мүшайрасы» номинациясы бойынша Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бауыржан Айгерім, «Эссе жазу» жанры бойынша Кеңес орта мектебінің 10- сынып оқушысы Буланбаева Ақниет қатысты. Нәтижесінде «Көркем сөз» номинациясы бойынша Саздыбұлақ орта мектебінің 10- сынып оқушысы Муратбек Шұғыла 3- орын, қола медаль (мұғалімі Хадыр Муратбек), «Эссе жазу» жанры бойынша Кеңес орта мектебінің 10- сынып оқушысы Буланбаева Ақниет Ақмола облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасымен, марапатталды. (мұғалімі Аскенова Гулжанар Есламбекқызы. Өзге қатысушылар Ақмола облыстық білім басқармасының сертификатымен марапатталды. Үлкен табыстарды бағындырған Ақкөлдік оқушылардың жетістігі үшін Ақмола облысының білім басқармасы да дән риза.
Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышханқызы