«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.
Осыған орай біздің ауданымыздан 20 қазан күні П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гайворонская Надеждаға Ақкөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Курушин Юрий Викторович күміс медальді табыс етті. Ауданымыздың абыройын асқақтатуға өз үлестірін қоса білген жас дарынымызды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
«Елбасы фонды - дарынды жастар мен жасөпірімдердің дамуына қолдау көрсетіп, талай игі істерді жасайды. Осындай жобалардың бірден-бірі - Елбасы Медалі. Еліміздегі ең ірі челлендж талай жасөспірімдерге жаңаны тануға құлшыныс берді. Дарынды жастар талай ұлдар мен қыздар ерінбей еңбек етіп, өздерін жаңа қырларынан тани алды.