"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!

12.06.2019

      « Ақкөл  ауданы білім беру  бөлімі» мемлекеттік мекемесі    бос лауазым орынға ашық  конкурс жариялайды: 

Ақкөл ауданының білім бөлімінің «Урюпинка орта мектебі »мемлекеттік мекемесінің директоры, Ақмола облысы,  Ақкөл  ауданы, Урюпинка ауылы  мекен жайында орналасқан. Лауазымына, қызметтік  жалақысы  еңбектегі өтіліне  қарай    109278 теңгеден   124985  теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

1)  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

2)  педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл ;

3)   бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "шебер-педагог" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

 Функционалдық міндеттері : білім беру ұйымына оның  жарғысына ,   өзге де нормативтік- құқықтық  актілерге  сәйкес  басшылық етеді. Педагогикалық  және әдістемелік кеңестермен бірлесе отырып білім берудің  жалпыға міндетті  стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады.   Жұмыс жоспарын, жұмыс бағдарламаларын бекітеді.   Бекітілген учаскедегі  балалардың жаппай білім заңнамаларына  сәйкес   жаппай және міндетті түрде  оқытылуын қамтамасыз етеді . Оқыту-тәрбиелеу үдерісінің   ғылыми-әдістемелік  және материалдық-техникалық   базасын  ұйымдастырып, жетілдіреді.   Оқыту-тәрбиелеу үдерісін  әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.   Қазіргі заманғы   технологияларды  дамытуды қамтамасыз етеді.  Мұғалімдер  (педагогикалық) ұжымы, әдістемелік бірлестіктер,  балалар ұйымдарының қызметтеріне ықпалдастық  жасайды.  Білімдік қызметті  жүргізу құқығына берілген  лицензияға  сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілер  құрамын қалыптастырады,  оқушылар мен тәрбиеленушілердің   әлеуметтік қорғалуын  қамтамасыз етеді.  Жетім балалардың,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін ( жеке  басының , мүліктік, тұрғын үй, еңбек т.б.)  қорғайды,  олардың  туыстық  қарым-қатынас, байланысын  қолдау үшін  жағдай  жасау   бойынша шаралар қолданады.  Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау    және тұруға   белгіленген нормалардан төмен  болмайтын   барлық жағдаймен қаматамасыз етеді. Оқыту-тәрбиелеу үдерісі барысында тәрбиеленушілер мен білім алушылардың және  білім мекемесі  қызметкерлерінің   өмір қауіпсіздігі мен  денсаулығына  қажетті жағдай   жасайды.   Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту  мақсатында  олардың  тамақтанумен  және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі   бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және  бақылайды. Заңнамада белгіленген шеңберде  білім ұйымының  мүлкіне өкімдік жүргізеді және  құрылтайшылардың  қаржылық   және материалдық  қаражаттарының  түсімі мен шығындары  бойынша жылы сайын  есеп береді.   

Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаны есепке алады   және  оның толықтырылуы мен сақталуын  қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі, санитарлық-гигиеналық режим мен  еңбекті қорғау мен техниаклық қауіпсіздіктердің   сақталуына жауапкершілікте болады. 

     Педагогикалық кадрлар мен қосалқы қызметкерлерді  іріктеу және орналастыру жұмыстарын  іске асырады, басқару құрылымын, жұмыскерлердің  шаттық кестесі   мен лауазымдық нұсқаулықтарын  бекітеді, олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруына  жағдай жасайды.    Педагогикалық кеңеске басшылық жасайды. белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлердің  аттестациясын өткізеді,    білім ұйымының  өз қызметінде  ерекше көзге түскен мұғалімдері мен  өзге  де қызметкерлерін марапаттайды және өз құзыреті  шеңберінде  оларға тәртіптік  жаза  қолданады
      Қоғам мен мектеп арасындағы  байланысты  іске асырады,  ата-аналармен (олардың  орнындағы адамдармен ) жұмыстарды үйлестіреді.    Білім  беру ұйымын мемлекеттік  және  басқа ұйымдар алдында  ұсынады,  қажетті есепшіліктер дайындау мен оның уақтылы  өткізілуін қамтамасыз етеді.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Шортанды ауданы білім беру бөлімінің конкурстық комиссиясында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін  келесі  құжаттар қажет:  

 1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

 2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

 3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

 6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

 7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

 8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

  9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

  10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

  11) мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

      Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

      1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

      2) мектептің қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

      3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

      4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурсқа қажетті  құжаттар  бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық басылымдарда конкурс туралы хабарландыру     жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні  ішінде мына мекенжайға жіберілуі тиіс:

 020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нурмагамбетов қөшесі, 102 «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (Халыққа қызмет көрсету орталығы). Анықтама телефондары :  2-28-44. 

 

Просмотров: 771


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст