"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамыз кеңесі

28.08.2019

      27.08.2019 жылы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Алпысбай Қуандықұлы Қайыржановтың және Ақмола облысы білім басқармасының өкілі Бағаналинова Раушан Болатқызының қатысуымен "KELESHEKKE – KEMEL BILIMMEN" атты Ақкөл ауданының педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

    Аталған кеңеске ауданның білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары, педагогикалық еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қызметтердің, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, БАҚ шақырылды.

     Пленарлық бөлімнің жұмысында мектепке дейінгі білім берудің сапасы, 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу, жаңартылған мазмұнның оқу бағдарламаларын енгізу, үштілділік жағдайында инновациялық технологияларды қолдану мәселелері қаралды. Сондай-ақ, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру және түлектерді кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру тақырыбына назар аударылды.

     Мәдениет Үйінің фойесінде көрме ұйымдастырылып, онда білім беру ұйымдарының үздік материалдары ұсынылды.

Жаншүгірова А.С.- АӘК меңгерушісі

Просмотров: 583


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст