"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті

10.09.2019

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  Ішкі саясат басқармасымен, Ақмола облысы Білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 6-7 қыркүйегінде Зеренді ауданының «Парус» демалыс орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының  облыстық слеті өткізілді.

           Слет өткізудегі негізгі мақсаты - рухан-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру,  адамгершілігі жоғары, жауапкершілікті сезінетін, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру мен дамыту.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слетінде Ақкөл ауданының ауыл және қала мектептерінің 5 оқушысы қатысты. Олар клуб мүшелері:  Жумабаев Темирлан,  «П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі»ММ-нің 11-сынып оқушысы, Асылбеков  Алдияр,  «Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі» КҚМ –нің 9-сынып оқушысы, Мирошниченко Анна, «№4 Ақкөл орта мектебі» ММ-нің 10-сынып оқушысы,  Салимов Куаныш,  «Азат ОМ» ММ-нің 10-сынып оқушысы,  Рыбников Андрей, «Горький атындағы ОМ»ММ-нің 10-сынып оқушысы.

          Балалар слетте өздерінің қазақстандық патриот екендіктерін, бідің қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктерін көрсетті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен  Ақкөл ауданы мектептерінің «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелері біздің облыстан қатысқан 20 команданың ішінен «Адалжол» квест-ойынында 2-орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды.

 

Ахметова К.А., білім бөлімі

 

 

Просмотров: 606


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст