"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абайлаңыз, балалар!» акциясы

19.09.2019

Ақкөл ауданында 2019 жылдың 1 қыркүйегінен  «Абайлаңыз, балалар!» акциясы басталды. Тура бір айға созылатын бұл акцияның мақсаты-  мектеп жасындағы балалар арасында  жол  көлік жарақатының алдын алу, сонымен қатар оқушылардың қауіпсіз қозғалысы.

Акция аясында  кәмелетке толмағандар арасында Ақкөл аудандық полициясы және білім беру мекемелері  бірлескен  кең көлемді түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр: велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге ескертпелер тапсырылды, бірінші сынып оқушылары жаяу жүргінші қатарына өткізілді, жарақатқа немесе қайғыға соқтыратын жол қозғалысына қатысушылардың көшеде  жіберетін негізгі қателіктеріне талдау жасалынды. Жаяу жүргіншілер жолымен өткенде велосипедтен түсіп, жаяу өту немесе жол қиылысында  құлаққапты алып тастау немесе сөндіріп қою. Балалар мен жасөспірімдер осындай қарапайым ережелерді жиі елемейді.

Құқық қорғау органдарының тәжірибесінде көрсетілгендей, жоғары жарақаттанудың  негізгі себептері - үлкендердің балалар жарақатының  алдын алуға жеткіліксіз назар аударуында, мектеп оқушыларында жолда жүру мәдениетінің төмендігі, жол қозғалысы ережелерін жеткілікті білмеуі, ата-аналарының теріс үлгі-өнегесі және мектепке жақын учаскідегі жолда жүргізушілердің жеткіліксіз назар аударуы.

 Оқушылар мен педагогикалық ұжымдар арасында балалар жол көлік жарақатының  алдын алу бойынша әкімшілік полициясының бөлім бастығы, полиция капитаны Салихов А.Р., Ақкөл ауданы ювенальды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Қайырғожина А.К., МАИ полициясы аға лейтенанты Әбілқайыров А.Т., Ақкөл аудандық ПБ әкімшілік  тәжірибе инспекторы, полиция аға лейтенанты Асылбеков А.А., учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Смағұлов С.М. лекциялар оқыды.

Ақкөл қаласы  мектептерінің жол қозғалысы жас инспекторлар  отрядтары  балалар жол жарақатының алдын алу бойынша мектеп қауымдастығын ақпараттандыруды көтере отырып, «Абайлаңыз, балалар!» акциясына белсенді қатынасты.

                                                       Ахметова К.А., білім бөлімі

Просмотров: 1019


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст