2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне орай онкүндік аудан әкімінің, облыстық білім басқармасы басшысының бекіткен жұмыс жоспары негізінде 2019 жылғы 5 қыркүйектен 19 қыркүйек аралығында өткізіліп, соңы тілдер фестиваліне ұласты. Аудан мектептерінде тіл күндігі қыркүйек және наурыз айларында 2 рет дәстүрлі түрде өткізіледі. Онкүндік барысында әр түрлі іс- шаралар мемлекеттік тілде өткізілумен қатар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл –Қазақстан халықтары бірлігінің мызғымас діңгегі» тақырыбында іс – шара жоспарланып өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру.
Оқушылардың дарындылығын дамыту мақсатында әр түрлі шығарма сайыстарын, әдеби оқулар, дебаттар, ақындар мүшәйрасы, сайыстар ұйымдастырумен қатар облыс деңгейіндегі сайыстарға оқушылар қатысты. Жыл сайын нәтижелі жұмыс істеудің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп отырмыз.
Онкүндікке арналған «Тілді ардақтау- бәрімізге міндет», «Тіл-халықтың жан-дүниесі» атты тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен барлық білім ұйымдарында мектептерде, балабақшаларда 5-қыркүйекте басталды. Онда барлық бүлдіршіндер мен оқушылар өнерлерін, білімдерін ортаға салып, көрерменнің көңілінен шыға білді. Концерттік бағдарламаны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ұйымдастырды. Тақырыптық шаралар 4 бағытта өткізілді. «Алаш зиялылары және қазақ тілі», «Абайды оқы, таңырқа», «Шешендік сөз өнері- атадан қалған асыл мұра», «Тіл- достықтың айғағы», «Мәдени- көпшілік іс – шаралар». Осы тақырыптар аясында барлығы 13 жұмыс және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жылдық жұмыс жоспарланып, қорытындыланды.