"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздың ұлы келбеті

09.10.2019

Адам - өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де сәнді, мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.

Халқымыз: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай Ақкөл өңіріне белгілі, жақсы азаматшалардың бірі – аяулы ана, ұлағатты ұстаз Төлегенова Мүнира Төлегенқызы.

    Төлегенова Мүнира Төлегенқызы  1960 жылдың 5 қазанында  Ақмола облысында дүниеге келген. 1979 жылы Ә.Майкутов атындағы Целиноград педагогикалық училищесін тәмамдап, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі мамандығына ие болды. Еңбек жолын 1980 жылы Ақкөл қаласындағы «Елочка» балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастады. 1991-1993 жылдар аралығында Ақкөл қаласының «Ласточка» балабақшасында аға тәрбиеші қызметін атқарды. 1993-1995 жылдар аралығында Ақкөл қаласының №4 балабақшасының меңгерушісі болды. 2005 жылы Қостанай гуманитарлық институтын аяқтап жоғары білім алып шықты. 1997 жылдан бастап Ақкөл қаласының №1 ұлттық  балабақша меңгерушісі болып қызмет атқарды. Бүгінгі күні құрметті зейнетке шығып отыр.

    Мүнира Төлегенқызының негізгі оқыту бағыты – ұлттық педагогиканы бала бойына сіңіру болатын. Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген – ұлттық тәрбие тағлымын дәріптейді. Білікті басшы тәрбиеленушілері мен тәрбиешілердің білімі, біліктілігіне ғана емес, олардың жүріс-тұрысы мен киім киісіне де қатаң талап қоя білген. Балабақша басшысы үнемі тәрбиешілеріне «Ұлттық тәрбие – ел болашығының діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін айтып, ұдайы ескертіп отырады.  Шынында да, ол кісінің ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Біз де, жасы кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан барымызша еркін, мейіріміз қана сусындап, мол рухани азық алғанымызды мақтаныш етеміз.

     Тумасынан еңбексүйгіш те белсенді. Жас мамандарға өзінің кесімді пікірлерімен, өмірлік бай тәжірибесімен бөлісіп отыратыны көпшілікке мәлім. Оның бойындағы “Ақырын жүріп, анық басатын” байсалдылығы, жусаннан аласа, бетегеден биік кішіпейілдігі, құйса толмайтын, толса аспайтын парасаттылығы, зерделілігі, еңбекқорлығы, зияткерлігі – ұлы Абай бабамыз айтқандай, тамаша бес қасиеті жайлы да көп айтуға болады.

 

 

Просмотров: 991


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст