Текст
Қазақстан математика мұғалімдерінің қауымдастығының іс-шаралар жоспарыны сәйкес 2019 жылғы 26-27 кыркүйекте математика, физика, информатика мұғалімдерінің VI республикалық шығармашылық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты: дарынды және шағармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оның кәсіби шеберлілігіне ықпал ету, қалалық және ауылдық жерлерде математика, физика, информатикадан білім беруді дамытуға үлес қосу. Конурстың облыстық кезеңінде Ақкөл ауданынан Новорыбинка орта мектебінің математика мұғалімі Бичун Максим Николаевич қатысып, жүлделі II орынға ие болып, Облыстық білім басқармасының II дәрәжелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.