Тұрғын халықта адалдық, парасаттылық, ұлтжандылық сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында осы жылдың 16 қазаны күні, сағат 11.00-де Ақкөл ауданының барлық білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарында, сонымен бірге «Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Адалдық сағаты» бірыңғай шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға аудан әкімдігінің, «Nur Otan» партиясының, ардагерлер мен Әкелер кеңесі коллегиясы өкілдері, село әкімдері, сонымен қатар халық арасында сыйлы, құрметке ие азаматтар қатысты.
Іс-шара барысында адалдық пен парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың келеңсіз салдары, олардың алдын алу бойынша еліміздің қол жеткізген жетістіктері жөнінде кең көлемде түсініктеме берілді.
Әдіскер Ахметова К.А.