Текст
«Жылдың үздік психологы» конкурсы
2019 жылдың 18 қазанында №3 АОМ базасында «Жылдың үздік психологы» конкурсының аудандық кезеңі өтті. Бұл конкурстың мақсаты кәсіби дағдыларды оңтайлы меңгергенін көрсете алатын, дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу. Конкурсқа қала және ауыл мектептерінен 8 психолог қатысты. Конкурс жеңімпазы, конкурстың облыстық кезеңінде аудан абыройын қорғайтын, №4 Ақкөл орта мектебінің педагог-психологы Алауханова Гульвира Мухиденовна болды.