"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог» атағын беру қағидалары

07.09.2022

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы  № 355 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген:

1. Осы «Үздік педагог» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өткізілген конкурстың (бұдан әрі - Конкурс) қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Үздік педагог» атағын беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

апелляциялық комиссия – Конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін республикалық, облыстық, қалалық/аудандық деңгейлерде (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) құрылатын комиссия (бұдан әрі - Апелляциялық комиссия);
өңірлік конкурстық комиссия – Конкурстың әрбір кезеңінің жеңімпаздарын айқындау және Конкурстың келесі кезеңіне қатысу үшін ұсынымдар беру үшін облыстық, қалалық/аудандық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астанада құрылатын комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия);     
педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке және кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы (электронды парақша);
республикалық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын айқындау және оған «Үздік педагог» атағын беру үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құратын комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия).

1-параграф. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының I кезеңін өткізу тәртібі

 

1. Конкурстың I кезеңі ағымдағы жылғы қыркүйекте өткізіледі, онда ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

2. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды):

1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);

2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;

3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді.

3. Конкурсқа қатысушы Өңірлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Аппеляциялық комиссияға шағым жасайды. Егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, Өңірлік комиссияның шешіміне сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

4. Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Министрліктің ақпараттық жүйесінде  орналастырылады.

5. Конкурс қорытындылары бойынша Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздарына Өңірлік комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздарына ауданның, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) «Үздік педагог» атағы беріледі және куәлік тапсырылады.

Просмотров: 1628


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст