Текст
2019 жылдың 13 қазанында ауданның педагог-психологтары №3 Ақкөл орта мектебінде « Психологиялық денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту технологиясы: өзекті проблемалар, әдістер, инструментарий» тақырыбы бойынша маңызды мәселені талқылау үшін жиналды. Аудан мектептерінің педагог-психологтары Ахмерова Т.Г., Нұрманова А.К. (№1 АОМ), Мұратхан Г. (№3 АОМ), Әубәкірова А.Р. (Барап НМ), Миневич К.А. (Урюпинка ОМ) іс-тәжірибелерімен өзара бөлісті. Новорыбинка ОМ педагог-психологы Шульга Е.В. ата-аналар және педагогтармен жұмысқа арналған «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз біргеміз» тақырыбында мастер-класс өткізді.