Нұр-сұлтан қаласында "Білім-инновация" лицей-интернатында "Физика", "Химия", "Биология", "Информатика" пәндерінің мұғалімдеріне арналған "Менторство"бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті. Курсты ұйымдастырушылар " USTAZ Professional Learning Centre "ЖШС. Курс барысында тыңдаушылар өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өзінің әрі қарай кәсіби өсуінің жаңа мақсаттарын тұжырымдады.
Күрделі теориялық тақырыптар қол жетімді және қызықты түрде берілді. Дәріскерлердің жоғары кәсіби деңгейі ЖМБ пәндер ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктерін түсінуге көмектесті. Курстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын, тілектестік жағдайын, сондай-ақ лекторлардың кәсіби шеберлігін және материалды баяндау мәдениетін атап өтуге болады. Мұғалімдер осындай курстардан кейін өздерінің кәсіби деңгейін арттырып, бұл олардың жұмыстарының сапасына оң әсер етеді деп сенеміз.