Жуықта «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі -2019» конурсы болып өтті.
Конкурсқа аудан мектептерінен 6 педагог қатысты.
Комиссия мүшелері «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі -2019» конкурсында
мұғалімдердің шеберлігін 3 аталым бойынша бағалап, қорытындылады.
- Мұғалімнің өзін- өзі таныстыруы
- «Менің педагогикалық ұстанымым»
- Шеберлік сыныбы. Бейне сабақтың әзірлемесі
- Мұғалімнің шығармашылық зертханасы. Мұғалім портфолиосы
Әділқазылар алқасы қорытынды барысында бір мәмілеге келді.
«Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі -2019» конкурсының І орын жүлдесі № 2 Ақкөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шугубаева Гульжиян Байзуллиновнаға берілсін деген ұсыным жасады.
2- орын – Азат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Семсерхан Сьезге;
3 - орын – Горький атындағы орта мектебі- бақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі Абдрахманова Ботагөз Олжабаевнаға берілсін. Конкурс жүлдегеріне санаторийға жолдама және Грамота берілді. Өзге қатысушыларға Грамота және қатысқаны үшін кітаптар берілді.
Әділқазылар шешімі бойынша облыстық «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі -2019» конкурсына № 2 Ақкөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шугубаева Гульжиян Байзуллиновнаның материалдарын жіберу ұйғарылды.
Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінен 1- орын жүлдегері Шугубаева Гүлжиян Байзуллиновнаға 2 күндік Бурабайдағы «Дисковаре» санаторийде жолдама берілді
Ақкөл аудандық білім
бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышханқызы