19.11.2019 жылы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты базасында "Білім және сандық технологиялар"атты облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Г. Гамазов, Ақмола облысы бойынша білім берудегі жаңа технологиялар өңірлік орталығының директоры Б. А. Қадыров, аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері және білім бөлімдерінің мониторинг үйлестірушілері, Зеренді ауданы және Көкшетау қаласы мектептерінің директорлары қатысты. "Bilim Media Group" ЖШС, Google for Education, STEM Academia өкілдері шақырылды.
"Білім және сандық технологиялар" облыстық кеңесі барысында "Көкшетау Bilim Lab" бірінші ресурстық орталығының ашылуы өтті. Бұл бірегей алаң, соның негізінде облыс педагогтары оқу үрдісінде АКТ-шешімдерді қолдану бойынша тәжірибе алмаса алады. Ресурстық орталықтың ашылуының бастамашысы "Bilim Media Group"инновациялық компаниясы болып табылады.
Сонымен қатар, Bilimland педагогтарына арналған ашық алаң, Google сандық білім беру шешімдері мен классты басқару жүйесі, ЕМН пәндерін оқыту үдерісінде интерактивті жабдықтарды пайдалану мәселелері қарастырылды және талқыланды.