29 қараша күні Ақкөл ауданында бастауыш 3,4- сыныптар арасында (оқыту тілі – орыс тілі) П.Исаков атындағы № 1 Ақкөл орта мектебінде «Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын» байқауы өтті. Осы байқауға ауданның 63 оқушы қатысқан. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Абай Құнанбайұлының өлең үзінділерін мәнерлеп оқу, екінші кезеңде ақын туралы эссе жазу, ал үшінші кезенде Абай Құнанбайұлы туралы немесе оның шығармалары негізінде көріністі сахналау. Мәнерлеп оқудан Белоусова Дарья П.Исаков атындағы № 1 АОМ-нің 4 «А»сынып оқушысы (мұғалімі – Везнер Л.С.), Баймлер Александра мен Водолазова Виктория № 2 АОМ-нің 3 «Б» сынып оқушылары (мұғалімі – Садышева М.Н.), Рубан Анастасия Кирдищев атындағы ОМ-нің 4 «Б» сынып оқушысы (мұғалімі – Хайдина Н.А.), Койло Дарья № 4 АОМ-нің 4 «А» сынып оқушысы (мұғалімі – Феоктистова О.В.), Стаценко Арина Новорыбин ОМ-б 4-сынып оқушысы (мұғалімі – Темирханова М.Н.) 15 ұпай алып 1-ші орындарға ие болды; 14,13 ұпай алып Азат ОМ-нің 4- сынып оқушысы Сапаргалиева Аида (мұғалімі – Панюшкина А.М.), Беркинова Анель П.Исаков атындағы № 1 АОМ-нің 4 «Б»сынып оқушысы (мұғалімі - Варавина В.Е.), Матвиенко Дарья Ноумов ОМ-б 3-сынып оқушысы (мұғалімі – Черепанова Е.А.), Горький ат. ОМ-б 4-сынып оқушысы Баужан Али (мұғалімі - Киреева Л.И.), № 4 АОМ-нің 4 «А» сынып оқушысы Борисюк Валерия (мұғалімі – Феоктистова О.В.), Урюпин ОМ-нің 3 «Б» сынып оқушысы Макарцова Маргарита (мұғалімі – Османова А.Б.) 2 орындарға иеленді; 12 ұпай алып П.Исаков атындағы № 1 АОМ-нің 4 «В»сынып оқушысы Жумадельдинова Азиза (мұғалімі – Карбаева Н.Н.), № 2 АОМ-нің 3 «А» сынып оқушысы Чембаров Артем (мұғалімі – Берникова О.В.) мен Юст Николай 4 «А» сынып оқушысы (мұғалімі – Шишкина А.И.), Ерофеев БМ-нің 3- сынып оқушысы Волотковская Васелиса (мұғалімі – Шенжанова Б.А.), Мало-Александров НМ-нің 3-сынып оқушысы Дудля Анастасия мен 4-сынып оқушысы Гуди Владислава (мұғалімі – Сейволад Т.В.), Енбек ОМ-б 4-сынып оқушысы Фризоргер Оксана (мұғалімі – Смагулова Б.О.), № 4 АОМ-нің 4 «Б» сынып оқушысы Рейтенбах Дарья (мұғалімі – Малярчук Н.Г.), Одесса ОМ-нің 4- сынып оқушылары Нуртай Адия мен Солманова Марина (мұғалімі – Гуденко Р.Н.), Краснобор НМ-нің 3-сынып оқушысы Якубова Таисия (мұғалімі – Аусилова А.М.), Мичурин ат. НМ-нің 4- сынып оқушысы Коржимбекова Сабина (мұғалімі – Баранова Л.Н.), Урюпин ОМ-нің 4 «Б» сынып оқушысы Макарцова Виталина (мұғалімі – Байгожина Г.С.) 3-орынға иеленді. Эссе жазудан П.Исаков ат. № 1 АОМ-нің 4 «А»сынып оқушысы Распаева Милена (мұғалімі –Везнер Л.С.), Мало – Александров НМ-нің 3-сынып оқушысы Дудля Анастасия (мұғалімі – Сейволад Т.В.), Новорыбин ОМ-б 3-сынып оқушысы Бабаева Сабина (мұғалімі - Шукеева А.К.) бірінші орын алды; Мало – Александров НМ-нің 4-сынып оқушысы Гуди Владислава (мұғалімі – Сейволад Т.В.), № 4 АОМ-нің 3 «Б» сынып оқушысы Голева Янина (мұғалімі – Сидорук В.А.), Урюпин ОМ-нің 3 «Б» сынып оқушысы Иманбаев Адият (мұғалімі – Османова А.Б.) екінші орын алды; үшінші орынға № 2 АОМ-нің 4 «А» сынып оқушысы Сабыр Тамерлан (мұғалімі – Шишкина А.И.), Азат ОМ-нің Сапаргалиева Аида 4-сынып оқушысы (мұғалімі – Панюшкина А.М.), П.Исаков ат. №1 АОМ-нің 4 «Б» сынып оқушысы Беркинова Анель (мұғалімі – Варавина В.Е.), Искра ОМ-нің 3-сынып оқушысы Боранбай Назима (мұғалімі Жунусова В.Г.) иеленді. Үшінші кезеңде бірінші орын Новорыбин ОМ-б оқушылары, № 2 АОМ-нің мен Ноумов ОМ-б оқушылар екінші орын, ал Азат ОМ-нің, П.Исаков ат. № 1 АОМ-нің, Мало – Александров НМ –нің оқушылары үшінші орын алды. Осы сайысты ұйымдастырғаны үшін П.Исаков атындағы № 1 АОМ-нің ұжымына мен мектеп басшысына Садыкова А.Д. алғысымды білдіремін.