"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтануды ұсыну» мемлекеттік қызметі туралы

29.12.2022

«Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы 10-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру үшін келесі  санаттарға:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

      Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

Ақкөл ауданы бойынша 744 бала (қала -387, ауыл – 357) жаппай оқумен қамту  қорынан тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген.

Просмотров: 1068


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст