Біздің мектептің ең маңызды міндеттерінің бірі – өскелең ұрпаққа ғылым негіздерінен терең және іргелі білім беру, дағды мен іскерлікті қалыптастыру, іс-тәжірибеде оларды қолдану, дүниетанымын қалыптастыру; әрбір мектеп бітіруші түлек ауызша және жазбаша қатынас құралы ретінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруіне қол жеткізу. Мұғалімдер өздерінің неғұрлым тиімді тәсілдерді іздестіруінде, сонымен қатар білім беруді жаңғырту қажеттілігі туындағанда, қазіргі қоғамдағы белсенді өзгерістердің әсерімен, мұғалімдер алға қойған білім беру мақсатын ойдағыдай іске асыруда мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялар немесе олардың жеке элементтеріне назар аударады.
2019 жылдың 12 желтоқсанында Көкшетау қаласында тілдерді оқытатын оқытушыларға арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндерін оқытудағы білім беру технологиялары» тақырыбы бойынша педагогикалық оқу өткізілді. Бұл конкурсқа Ақмола облысының 47 педагогы қатысты.Педагогикалық оқу білім беру контентін жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілін оқытудағы білім беру технологияларын талдау үшін диалогтік тұғырнамасын құру мақсатында өткізілді. Біздің ауданның абыройын Ж.Бектұров атындағы №3 АОМ орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Худобина В.Р., Урюпинка ОМ орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қылышпекова Г.А., П.Исаков атындағы №1 АОМ ағылшын тілінің мұғалімі Зинченко Н.М., Кеңес ОМ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Аятхан Жәнібек қорғады. Мінбеге көтерілген әр педагог негізінде тиісті мақсатқа қол жеткізуде жатқан жаңа білім беру технологиялары туралы, мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекеті және білім беру процесіндегі олардың рөлі туралы айтты. Педагогтар білікті әділқазылар алдында өздерінің сабақ өткізу әдістерімен бөлісті, өздерінің іс-тәжірибелері, жаңартылған мазмұнда білім беру жағдайында қолданатын білімдері туралы айтты. Педоқулардың нәтижесінде біздің ауданның педагогтарына Сертификаттар табыс етілді, ал педагог-зерттеуші Худобина В.Р. 2-орынға ие болып, 2-дәрежелі Дипломмен марпатталды.
А.Жаншүгірова- Ақкөл аудандық білім бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі