"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Әбіш оқулары» байқауының аудандық кезеңі

26.01.2023

2023 жылдың 13 қаңтар күні Ақкөл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Барап негізгі мектебінің базасында  мектеп оқушылары арасында  Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту  мақсатында Республикалық «Әбіш оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.

         Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу номинациясы бойынша қатысқан оқушылар мынандай жүлделі орындарға ие болды:

І орын – Ж.Бектұров атындағы №3 АОМ оқушысы Нурпейісова Ақбота;

ІІ орын – Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Асқаров Асқар;

ІІІ орын - Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Тілеухан Нұрислам.

«Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша қатысқан оқушылар мынандай жүлделі орындарға ие болды:

І орын – Өрнек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Нұрлыбекқызы Шынар;

ІІ орын - Ж.Бектұров атындағы №3 АОМ оқушысы Нокешова Жангүл.

Осы байқауға белсене қатысып, бағын сынаған басқа да оқушылар грамоталармен марапатталды.

Просмотров: 1312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст