"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сапалы білім"Білімді ұлт"

09.02.2023

2023 жылғы 7 ақпанда музыка мектебінің  мәжіліс залында Ақкөл ауданының білім бөлімі қызметінің 2022 жылғы қорытындысы және 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім"Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2023 жылға міндеттері бойынша АББ кеңесінің отырысы өтті. Аталған кеңеске Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г. Гамазовтың қатысуымен мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру бөлімінің әдіскерлері мен мамандары қатысты. Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі басшысының м.а. Иманқұлова С.С. 2022 жылды қорытындылап, білім беру ұйымдары басшыларының алдына 2023 жылға міндеттер қойды. АӘК меңгерушісі Жаншугурова А.С. аудандық әдістемелік кабинеттің жұмысына талдау жүргізді , проблемалар айтылды және аудан педагогтарын әдіснамалық сүйемелдеудегі мәселелерді шешу жолдары ашылды. Аталған кеңесте мектепке дейінгі ұйымдардағы психологиялық және логопедиялық қызметі, педагог кадрлардың сапалы құрамы және аудан мектептеріндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері туралы айтылды. Жиынды білім басқармасы басшысының орынбасары В. Г. Гамазов қорытындылады, онда білім берудің жаһандық мәселелеріне: мектепке дейінгі білім берумен қамту, балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысуы, шағын жинақты мектептердің проблемалары, білім беру саласындағы "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы туралы және т. б. атап өтті.

А.Жаншугурова- аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Просмотров: 1094


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст